HACCP
HACCP (ИСО 22000) - ИСО 22000-2006 (ISO 22000:2005) «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі» стандарттарымен бекітілген тамақ өнімдері өндірісінің нормаларға сәйкестігін куәландырады. ХАССП жүйесі — ХАССП жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардан, өндірістік процестерден және ресурстардан тұратын өндірістің ұйымдық құрылымы.
Бұл жүйе азық-түлік өндірісінің барлық кезеңдерінде, қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін өнімді өндіру, сақтау және өткізу процесінің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз етеді және негізінен тамақ өнімдерін өндіруші кәсіпорындар пайдаланады. Бұл ретте, мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде тамақ өнімдерін пайдалануға байланысты тәуекелдердің барлық түрлерінің алдын алуға, жоюға немесе қолайлы деңгейге дейін төмендетуге болатын сындарлы бақылау нүктелеріне ерекше назар аударылды.