• Kazbad
  • Сұрақ – жауап

Сұрақ – жауап

Сіз өзіңіздің сұрағыңызды қоя аласыз немесе басқа адамдардың жауаптарын көре аласыз.

барлығын ашу | барлығын жабу
  • Әрине, сіз толық дайын өнімді дайындауды немесе өзіңіз үшін қызықты деп санайтын қызметтерді таңдай аласыз. Ол үшін біз сізге алдын-ала төлем шотын ұсына аламыз, онда әр қызмет үшін баға тәптіштеліп көрсетіледі.
  • Біздің стратегиялық миссиямыз шикізаттың, буып-түю (орап-қаптау) материалдары мен жабдықтың кең түржинағы болып табылады, біз барлық ұсыныстарды қарастыруға қуаныштымыз. Егер ұсынылатын өнім бізді қанағаттандырса, онда шартқа қол қойғаннан кейін біз ұсынылған түржинақты өзіміздің негізгі прайсымызға енгіземіз.
    Түржинақ неғұрлым кең болса, бізбен ынтымақтастық соғұрлым тартымды болады.
  • Біздің жеткізушілердің көбі – бұл шетелдік кәсіпорындар.
    Қазіргі уақытта біздің клиенттеріміз Қазақстан, Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Чехия кәсіпорындары болып табылады.
    Біз бәрімен ынтымақтастыққа ашықпыз.
  • «КазБАД» ЖШС 2023 жылға дейін GMP халықаралық стандартын енгізудің ұзақ мерзімді стратегиясы бар. Қазіргі уақытта жаңа өндіріс алаңының құрылысы басталды. Біздің компания GMP алғаннан кейін біз дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді шығара аламыз, себебі бізде тиісті лицензиялар болады. Қазіргі уақытта бізде көтерме фармацевтикалық қызметке лицензиямыз бар, бірақ біз дәрі-дәрмектерді шығара алмаймыз.
  • Біз Халал, ХАССП қауіптілікті талдау және сыни бақылау нүктелері , Эко Қазақстан сияқты ұйымымыздың стандарттарына сәйкес келмейтін өнімді шығармаймыз. Сондай-ақ, біз тамақ және косметикалық өнімдердің қауіпсіздік нормалары бойынша өтпейтін өнімді шығармаймыз.
  • «КазБАД» ЖШС-та Альфа банк және Форте банкте есеп айырысу шоттары бар, сондай-ақ біз қолма-қол ақшаны және директордың нөміріне Каспиден аударымдарды қабылдаймыз. Барлық қолма-қол ақша онлайн касса арқылы өткізіледі. Фискалды чек сіздерге WhatsApp бойынша 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
  • Клиенттермен барлық жұмысты «КазБАД» ЖШС Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 481а, «Эталон» БО, 6-қабат, офис ТОО «КазБАД» ЖШС кеңсесі мекенжайындағы кеңседе жүргізеді. Біздің өндірісіміз Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Южный ықшам ауданы, Итаков көшесі, 43А мекенжайында орналасқан.
  • «КазБАД» ЖШС тек келісімшарттық өндіріспен айналысады және біз тек өнім сапасына жауап береміз. Біздің клиенттеріміз өз өнімін Қазақстан Республикасының заңы аясында қалауынша иелік етеді. Біздің клиенттер бізбен шикізат құны және басқа да шығыстар туралы барлық ақпаратпен бөліспейді. Біздің клиенттеріміз заңды тұлғалар болып табылады және «КазБАД» ЖШС оларға өз өнімдерін қалай, қайда және қандай бағамен сату керектігін көрсетуге құқығы жоқ, сонымен қатар біз клиенттеріміздің өнімдерін сатудан пайда таппаймыз.
    біз барлық жауапкершілікпен «КазБАД» ЖШС желілік компания болып табылмайтынын мәлімдейміз, бірақ біздің клиенттеріміз осы қызметпен айналысуға құқылы.
  • «КазБАД» ЖШС 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, осы уақыт ішінде бізде сапа жөніндегі талап-тілектер болған емес. Егер біздің қызметтеріміз белгілі бір дәрежеде әрбір жеке жағдай бойынша қажеттіліктерді қанағаттандырмаса, біз ХАССП қауіптілікті талдау және сыни бақылау нүктелеріне сәйкес кінәлілерді тауып, барлық кемшіліктерді жоямыз. Сондай-ақ, өндірісте сапаны тұрақты арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі және біздің қызметкерлер жыл сайын бөгде аудиторларда да, компания ішінде де аттестаттаудан өтеді. «КазБАД» ЖШС барлық қызметкерлері жыл сайынғы медициналық тексеруден өтеді, сондай-ақ қауіпсіздік техникасына оқытылады.
  • «КазБАД» ЖШС өндірісінде капсулалардың салмағын теңдестіру және сақтау мерзімін арттыру үшін ылғал сіңіргішті қолданамыз.
  • «КазБАД» ЖШС-та бөлшектер мөлшерін 625 бастап 120 Mesh дейін реттеумен, Akita jp AKDMJP 40 (1500 Ватт) маркалы жапон өндірісінің кәсіби диірмені бар. Оның өнімділігі 60кг/сағ. құрайды.
  • «КазБАД» ЖШС құрғақ құрамдастарды, сондай-ақ жемістер мен өсімдіктердің тамырларын ұсақтай алады.
  • Иә, біз тәулігіне 7 литрге дейін сұйықтықты сублимация жасай аламыз.
  • Бірінші кезеңде - Директор немесе директордың орынбасары жобамен танысады, танысқаннан кейін біз клиенттермен шығындарды оңтайландырудың мүмкін жолдарын талқылаймыз. Шикізатты, буып-түю материалдарын кім жеткізетініне, олардың сапасы қандай болатынына және мерзімі туралы келісеміз.
    Бұдан кейін клиент біздің клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерімізбен бірге Канбан №1 өтінім нысанын толтырады.
    Директордың орынбасары алдын-ала төлем шотын ұсынады, себебі өндіріс кезінде шығыс материалдарының артық болуы, шығындалуы немесе жетіспеуі мүмкін.
    Әрі қарай, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер жабдықтаушыға тапсырма береді, ол сипаттізім бойынша жобаға қажеттінің бәрін сатып алады және өндіріске арналған барлық материалдардың алынуын қадағалайды. Қоймаға барлық материалдарды алғаннан кейін менеджер №1 Канбан нысанына сәйкес өндірістік директорға қойылған жұмыстарды орындауға тапсырма береді.
    Өнім дайын болғаннан кейін өндіріс жөніндегі директор менеджерді хабардар етеді, ол өз кезегінде нақты төлем шотын ұсынады.
    Толық төлемді алғаннан кейін бухгалтер клиентке өнімді босату туралы пәрмен береді.
  • Біздің компанияның саясаты әр клиентпен тең келіссөздер жүргізу болып табылады. Біз тапсырыс сомасына қарамаймыз, біз үшін басты өлшемшарт – серіктестеріміздің жобаларының табыстылығы болып табылады. «КазБАД» ЖШС бірінші тапсырыс көбінесе сынамалы болатынына және клиенттер нарықты сынайтынына қарамастан, әрбір контрагентпен ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеуге бағытталған. Бірақ кейіннен, егер клиент нарықтың күтуін тауып, сатудың дұрыс саясатын құрса, біз өз тарапымыздан жұмысымызды сапалы және ең қысқа мерзімде жасасақ, онда оның жоспарлары қанағаттандырылады. Біз клиенттеріміздің өсуіне және олармен бірге өзіміздің өсуімізге мүдделіміз.
  • «КазБАД» ЖШС жабдық сатпайды, бірақ біздің жақын серіктесіміз «Кенгер» ЖШС өндірісті жобалап, жабдықты сатып ала алады, монтаждау қызметін көрсетіп, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізе алады. Бұдан кейін барлық рұқсат беру инстанцияларынан өтіп, одан әрі сервистік қызмет көрсете алады. Нөм.: 8 707 50 333 54 Асет Кенгербаев
  • Қазіргі уақытта «КазБАД» ЖШС аудиторлар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін санамағанда, өндірістік ғимаратқа бөгде адамдарды кіргізбейді. Бұл құпиялылық саясатына байланысты, себебі кәсіпорында біздің өндірістік құпияларымыздан басқа, біздің клиенттеріміздің өнімдері мен технологиялары бар.
  • Қаптамаға арналған мәтінді әзірлеу үшін біздің технолог клиенттердің денсаулығына зиян тигізбеу үшін №021 техникалық регламентке (http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/PischevayaProd.aspx) сәйкес белсенді заттарды тұтынудың ұсынылатын тәуліктік нормаларын қарайды. Сондай-ақ, біз өнімнің қауіпсіздігін зертханалық сынау хаттамаларын талап етеміз. Немесе клиенттердің өтініші бойынша біз арнайы компанияларға қарауға береміз.
    Әрі қарай, біздің технолог Кеден одағының тамақ өнімдерін таңбалау туралы № 022 техникалық регламентін (http://www.eurasiancommission.org/ru/act/texnreg/deptexreg/tr/Pages/PischevkaMarkirovka.aspx) басшылыққа ала отырып, мәтін құрайды. Келесі кезеңде, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңын басшылыққа ала отырып, біз бүкіл мәтінді қазақ тіліне аударамыз.
    Бұдан кейін біздің клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджеріміз GS1 халықаралық сертификатына сәйкес штрих-код құрады.
    Егер клиент «КазБАД» ЖШС өндіруші болып табылатыны көрсетілген сәйкестік декларациясын пайдаланса, затбелгіде дизайнер Халал, НАССР, ISO 22000, ISO 9001, Эко Қазақстан, Сала көшбасшысы логотиптері мен белгілерін сала алады, себебі «КазБАД» ЖШС осы сертификаттар бойынша жыл сайын аудит өткізеді.
    Әрі қарай, клиент пен дизайнер арнайы өтініш формасын толтырылғаннан кейін дизайнер клиенттің дизайнын жасай бастайды. Осы өтінініш формасы негізінде эскиз беріледі және одан әрі баспаханаға баспаға жіберіледі.
    Өтінім формасы мақұлданғаннан кейін дизайн өзгерген сайын, әр жаңа өтінім үшін ақы алынады және эскизге қол қойылғаннан кейін дизайн үшін барлық жауапкершілік клиентке жүктеледі.
  • Біздің «КазБАД» ЖШС компаниямыздың стратегиясы - MOQ барынша аз ету, себебі жаңадан бастаған кәсіпкерлерге үлкен көлемге тапсырыс беру өте қиын. Бұл бірінші кезеңде тіркеуге, әкімшілік шығыстарға және өнімді жылжытуға көптеген шығындар болатындығына байланысты.
    Біздің қызметімізге MOQ (тапсырыстың минималды саны) 5000 тг басталады. Бірақ бізде қолда жоқ шығыс материалдарына (шикізат, құтылар, қораптар, стикерлер және т.с.с.), жеткізушілердің өз MOQ болады.
    Кейсті қарастырайық:
    Клиенттің міндеті - дәрумендердің премиксін қосып, капсулаларды көк банкаларға салу. «КазБАД» ЖШС компаниясы жеткізушіден құтылардың болуын сұрайды. Құты өндіруші бір реттік тапсырысты 20 000 дана етіп белгілеуі мүмкін. Бұл осы құтыларды өндіру үшін 1 қап (50 кг) минималды көлемдегі полипропилен мен бояғышты сатып алу қажет екендігіне байланысты, себебі бұл зауыттық қаптама және құты өндірушіге бұдан аз көлемде жіберілмейді.
    Премикстерді өндірушілер де қазіргі уақытта сығындыны шығаруға арналған минималды топтама бар деп айтуы мүмкін. Бұл позиция қоймалық емес болғандықтан және шикізатты тапсырыс бойынша жасау керектігіне байланысты. Ал сығынды алу үшін олар кемінде 200 кг өсімдік құрамдастар мен химиялық элементтердің ең аз топтамасын сатып алуы керек, бұдан шығыста 20 кг сығынды алынады.
    Сол сияқты, баспахана есеп-шот берген кезде басып шығару түрлерін басшылыққа алады: шағын тираждар үшін – цифрлық және Indigo, үлкен тираждар үшін – флексобаспа. Осыған байланысты 1000 дана және 5000 дана қаптамалардың бағасы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: 1000 данаға тапсырыс бергенде бір бірлік 200 тг, ал 5000 данаға тапсырыс бергенде бір бірлік 30 тг тұруы мүмкін.
    Кейс қорытындысы – клиент үшін MOQ 20 000 құты және 20 кг премикс болады.
    «КазБАД» ЖШС құтыларды 100 данадан бастап босату үшін қоймаларда қаптама материалдарының үлкен түржинағын ұстауға тырысады, ал біз өндірушіден 20 000 дана сатып аламыз.

    Біз өнімнің құрамын оңтайландырып, шикізатты іске қосудың ең аз топтамасы 1 кг-нан болатындай етіп іріктеп ала аламыз.

    Сондай-ақ біз көптеген баспаханалармен және жеткізушілермен серіктестік қарым-қатынастамыз, оларда бізге және біздің клиенттерімізге жеңілдік көзделген, осы арқылы біз ең аз қаржы салымдарымен және ең қысқа мерзімде жаңа өнімнің нарыққа шығуын жеңілдетуге тырысамыз.